×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алматыдағы дәмхана қонақтарға чекті рубльмен ұсынған

03.07.2024, 21:45
Алматыдағы дәмхана қонақтарға чекті рубльмен ұсынған
Видеодан скриншот

Алматыдағы дәмханалардың бірінде қонақтарға тапсырыс сомасын теңгемен де, рубльмен де көрсеткен чек ұсынылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

TikTok-та жарияланған бейнеде жергілікті тұрғындардың бірі  ресейлік франчайзингке тиесілі пиццерияға барған. 

"Жаңа ғана пиццерияда болдым. Бұл ресейлік франшиза. Мен шот сұрадым, маған чек әкелді. Онда жиынтық сома теңгемен де, рубльмен де көрсетілген. Біз өз ұлттық валютасы бар тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, Қазақстанда тек осы валютаны ғана пайдаланамыз. Неліктен олар маған рубльмен есепшот әкеледі?"- келуші ашуланды.

Мемлекеттік кірістер комитетінің не дейді?

Мемлекеттік кірістер комитеті бейнеде ұсынылған чек ҚР заңнамасында белгіленген бақылау-кассалық чек болып табылмайтынын түсіндірді.

"ҚР Салық кодексіне сәйкес сатушы тауардың, жұмыс пен қызметтің төленген Сомасы үшін БКМ чегін беруге міндетті. "Ұлттық банк туралы" Заңға сәйкес Қазақстан теңгесі ҚР ақша бірлігі болып табылады. Азаматтық кодекске сәйкес ҚР аумағындағы ақшалай міндеттемелер теңгемен көрсетілуі тиіс", – деп еске салды МКК.

Бақылау-кассалық чекті қолдану кезінде қойылатын талаптарды сақтау салық төлеушінің міндеті болып табылады. Бұзушылық үшін әкімшілік жаза қарастырылған.