132 мың адам eGov mobile арқылы өзін құмар ойындардан шектеу қызметін пайдалаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі жариялады.
26 маусымда 130 мыңнан астам адам eGov mobile арқылы өзін құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуды шектеді. Онлайн қызмет іске қосылғанға дейін тізімде 3 мыңнан астам адам болған.
18 наурыздан бастап пилоттық режимде азаматтарды құмар ойындардан және бәс тігуден 6 айдан бір жылға дейінгі мерзімге өз бетінше шектеуге мүмкіндік беретін онлайн-қызмет жұмыс істейді.
Маңыздыcы шектеу тек лицензиясы бар заңды ойын компанияларына қолданылады. Өзін шектеу заңсыз интернет-казинолар мен букмекерлік кеңселерге қолданылмайды.
Министрлік заңсыз ойын ресурстарына барудан аулақ болуды ескертеді.
Бұған дейін
Туризм және спорт министрлігі "Шенеуніктерге құмар ойынға тыйым салу" петициясын қарастыруға қабылдаған еді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске сәйкес министрлік петицияны талқылау бойынша жұмыс тобын құрды, оның құрамына Парламент депутаттары, арыз иесі, қоғам белсенділері, мемлекеттік органдар мен ойын бизнесі өкілдері енді.