×
476.27
515.47
5.41
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.27
515.47
5.41

Астанадағы отшашуды 10 мыңнан астам адам тамашалады

03.07.2024, 23:40
Ulysmedia

Бүгін, 3 шілдеде Астанада алдағы Астана күні мен ШЫҰ саммитіне орайластырылған мерекелік , деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Отшашулар Ботаникалық бақтың аумағында өтті. Елорда әкімдігінің мәліметінше, 10 мыңнан астам адам жарқын көріністі тамашалауға келді.

Саябақтың өзіне кіруге тыйым салынды. Тұрғындар іргелес аумақтардан, оның ішінде "Ұлытау" скверінің аумағынан бақылап отырды. Қала әкімшілігі отшашу жеке демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылды деп сендірді.

Естеріңізге сала кетейік, 4 шілдеде Астанада ШЫҰ саммиті өтеді. Іс-шараға Қазақстан, Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзірбайжан, Катар, БАӘ, Түркия және Түрікменстан мемлекеттері мен үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ ШЫҰ Бас хатшысы және ұйымның Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының атқарушы директоры қатысады.

Серіктес жаңалықтары