×
476.27
515.47
5.41
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.27
515.47
5.41

Ақтауда 13 жастағы мүгедек қызды зорлаған педофил сотталды

04.07.2024, 09:10
Ашық дереккөздерден

Қыз эпилепсия ауруымен невропотолгтың есебінде тұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақтауда эпилепсиямен ауыратын жасөспірім қызды зорлау ісі бойынша үкім шықты.

«Ақтауда бес баланың әкесі эпилепсиясы бар 13 жасар қызды зорлаған. Іс бойынша дәлелдер жиналып, сараптамалар жүргізілді және оның кінәсі толық дәлелденді. Сот педофилге 22 жыл түрме жазасын тағайындады», – делінген сот хабарламасында.

Бұл оқиға туралы «НеМолчиKZ» зорлық-зомбылыққа қарсы күрес қоры хабарлаған еді. Олардың дерегінше, педофил эпилепсиямен ауыратын 13 жасар қызға бірнеше рет зорлық жасаған. Мүгедектігі бар қыз невропотолог есебінде тұрады. Сот үкімі шыққан соң «НеМолчиKZ» қоры қыздың анасына қажырлы күресі үшін алғыс білдірді. Олардың хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу кезінде қызда демікпе болып, жедел жәрдеммен алып кеткен кездер болған. Қыздың анасы ауруханаға түсіп, стационарда жатып шыққан. Сонда да олар күресті тоқтатпаған.

Серіктес жаңалықтары