Астанада Шанхай Ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінде Беларусь ұйымға мүше мемлекеттердің қатарына қосылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Шанхай Ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы Беларусьті ұйымның ресми және толыққанды мүшесі ретінде қабылдау туралы құжаттарға қол қоюдан басталды.
– Шанхай рухын нығайту және Шанхай қағидаттарын ілгерілету арқылы бірлескен күш-жігермен біз ШЫҰ-ны ең беделді халықаралық құрылымдардың біріне айналдырдық. Біздің бірлестігіміздің бірегейлігі мен орасан зор әлеуетінің арқасында әлемде оған деген қызығушылық тұрақты түрде артып келеді. Бүгін Астанадағы саммитте ұйымымызды одан әрі кеңейту туралы маңызды шешім қабылданады. Осыған байланысты Беларусь Республикасының президенті Құрметті Александр Григорьевич Лукашенкоға құрмет көрсетім келеді. Беларусь Шанхай ынтымақтастық ұйымына толық мүше болу жолында қажетті рәсімдерді орындады. Егер қарсылық болмаса, отырысты ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің құрамына Беларусь Республикасын қабылдау туралы құжаттарға қол қою рәсімінен бастауды ұсынамын,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
ШЫҰ құрамында қай мемлекеттер бар
Бақылаушылар қатарында Ауғанстан, Беларусь, Моңғолия, ал ШЫҰ-да Әзербайжан, Армения, Бахрейн, Египет, Камбоджа, Катар, Кувейт, Мальдив аралдары, Мьянма, Непал, БАӘ, Сауд Арабиясы, Түркия, Шри-Ланка диалог серіктестері болды.