×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Ерлер әйелдер қойған талапты өтей алмайды: Жамбыл облысы әкімдігі лудомания себептерін атады

04.07.2024, 15:25
Ерлер әйелдер қойған талапты өтей алмайды: Жамбыл облысы әкімдігі лудомания себептерін атады
Фото: ашық дереккөздерден

Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы ерлер арасындағы құмар ойындарға тәуелділіктің себептері туралы айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жамбыл облысы билігінің пікірінше, құмар ойындарға тәуелділіктің мынандай психологиялық себептері бар: 

1. Отбасылық, тұлғааралық проблемалар, үнемі жалғыздық сезімі.

2. Өзін-өзі бағалаудың төмендігі.

3. Отбасында және қоршаған ортада ойыншылардың болуы

4. Тез және оңай ақша табуға деген ниет.

«Психосоматика тұрғысынан алсақ, ересек кездегі әдеттің басым бөлігі - балалық шақтан бастау алады. Кей ер азаматтар әйел тарапынан қойылған талапты өтей алмағандықтан , көп ақша табуға ұмтылады. Осылайша , оңай жолмен табыс табуға бел байлайды. Оның соңы азарт ойындардың соңына түсуге алып келеді», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, әлеуметтік желілердегі резонанстан кейін Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі әлеуметтік желілерінде орыс тіліндегі хабарламаны өшіріп тастады. Бұған дейін Сенат депутаттары шенеуніктердің құмар ойын ойнауына тыйым салатын заңды мақұлдаған еді. Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары букмекерлер мен онлайн-казино жарнамасына тыйым салу туралы заң қабылдады.