×
473.15
515.12
5.4
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
473.15
515.12
5.4

Атырауда жеті жасар қыз ескерткіш астында қалып көз жұмды: полиция куәгерлерді іздестіріп жатыр

04.07.2024, 15:58
Фото: Аtyrau online

Атырауда тәртіп сақшылары ескерткіш астында қалып қаза тапқан жеті жасар баланың өлім жағдайын анықтау үшін куәгерлерді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Полиция оқиғаның нақты жағдайларын анықтау үшін Атыраудағы ескерткіштің баланың үстіне құлаған сәтін көрген куәгерлерді іздестіріп жатыр.

«25 маусым күні кешке болған қылмыстық құқық бұзушылықты көрген және ескерткішті көтеруге көмектескен адамдардан тергеу басқармасына хабарласуын сұраймыз», – делінген полиция хабарламасында.

Тергеу басқармасы Әбілқайыр хан даңғылы, 55 мекенжайында орналасқан (329-кабинет). Сонымен қатар, мына нөмірлерге хабарласуға болады:

98-22-72;

+7 (702) 741 5395;

+7 (747) 750 9595.

Естеріңізге сала кетейік, Атырауда 2017 жылы туылған қызды Жеңіс саябағындағы ескерткіштердің бірі басып қалған. Ол алған жарақаттарынан облыстық балалар ауруханасында көз жұмды.

Серіктес жаңалықтары