Шешім тергеу барысында алынған дәлелдемелер негізінде қабылданды. деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Словакия премьер-Министрі Роберт Фитцоға жасалған қастандық туралы іс террористік акт ретінде қаралады. Бұл туралы республиканың Бас прокуроры Марош Жилинка мәлімдеді.
Шешім тергеу барысында алынған дәлелдемелер негізінде қабылданды.
"Айыпталушыға айып тағылған іс-әрекеттің біліктілігінің өзгергені туралы хабарланады. Алынған дәлелдемелер негізінде ол аса ауыр қылмыс – террористік акт ретінде сараланатын болады", - деп жазды Жилинка.
Бұған дейін
Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға белгісіз біреу оқ атқан. Фицоны үкіметтің көшпелі отырысынан кейін өлтірмек болған еді.
Журналистердің айтуынша, Словакия министрлер кабинетінің отырысынан кейін премьер-министр көпшілік алдына шыққан кезде оған оқ атылған. Премьер-министрді ауруханаға алып кеткен. Шабуылдаған адам ұсталды.
Кейін Словакиялық БАҚ қастандық жасаған 71 жастағы жазушы Юрай Цинтула екенін жазған. Бұған дейін ол әлеуметтік желі арқылы Фицоны ұнатпайтынын ашық айтып жүрген.
Ал, қастандыққа ұшырап, оқ тиген Словакия премьер-министрі Роберт Фицо мәлімдеме жасап, өзін атқан адамды кешіретінін айтты