×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Ердоған саммитке емес, футболға барады

04.07.2024, 23:35
Ердоған саммитке емес, футболға барады
Түркия құрамасының ойыншысы Мерих Демирал

Бұл туралы түркиялық Hurriyet агенттігі жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еуро-2024 ширек финалы 6 шілдеде өтеді. Осы күні Түркия президенті Режеп Ердоғанның Әзірбайжандағы түркі мемлекеттерінің саммитіне қатысуы жоспарланған.

Бірақ Hurriyet мәліметінше  Реджеп Тайып Ердоған Берлиндегі Түркия мен Нидерланды құрамалары арасындағы матчқа қатысады. Түркия президенті осылайша ұлттық команданың рухын қолдауға шешім қабылдапты.

"Ердоғанның Германиядағы ширек финалдық матчты көру туралы шешімі УЕФА ұлттық құраманың ойыншысы Мерих Демиралға қатысты тергеуді бастағаннан кейін қабылданды",
дейді Hurriyet.

Футболшыға қатысты тергеу ол гол соғып, қолымен  "Бозкурт"деп аталатын белгіні көрсеткеннен кейін басталды. Бұл қимылды кейде түрік ұлтшылдары қолданады. Ойыншының өзі гол соққанына қуанғандықтан осылай істегенін айтады.