×
$
445.65
508.71
5.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
445.65
508.71
5.3

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Бүгін, 19:19
Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды
Қорғаныс министрлігі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты 25 қыркүйекті жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

– Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды, – делінген құжатта.

Контекст

Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында өткен «Хазар қорғаны-2026» оқу-жаттығуы кезінде болды. Кенеттен соққан дауыл салдарынан 19 әскери қызметші теңізге ағып кеткен. Қолда бар мәлімет бойынша, 12 адам қаза тауып, үшеуі құтқарылды. Қалғандарын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Тоқаев қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтауды тапсырды. Үкіметтік комиссияны Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарып отыр.

Әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Қазақстан халқына Әзербайжан да көңіл айтты.

Қайғылы оқиғадан кейін Ақтау қаласының әкімдігі 25-27 қыркүйек аралығына жоспарланған барлық мерекелік іс-шараны тоқтатты.