×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

"Жоғалған" Жандарбек Бекшин қайта табылды

06.07.2024, 12:02
"Жоғалған" Жандарбек Бекшин қайта табылды
kapital.kz

Пандемия кезінде "наконец-то" сөзімен жұрттың ашуына тиген еліміздегі ең танымал бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин ұзақ уақыттан кейін көпшілік алдына шықты деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Ол  Capital Health болашақ денсаулық сақтау саласы туралы ұлттық форумда "Республикалық микроорганизмдер коллекциясы" ЖШС-нің директоры ретінде саламатты өмір салды адамның жеке өміріне, қызметтік мансабы мен денсаулығына қалай әсер ететіні жайында сөз сөйлеген.

Бекшин несімен танымал

Естеріңізде болса, Ж.Бекшин COVID-2019 пандемиясы басталар тұста бас санитарлық дәрігер ретінде “Біздің болжамымыз бойынша шамамен 11-16 наурыз күндері аралығында елімізге короновирустың алғашқы легі келуі керек” деп жұрттың ашуын да, күлкісін де келтірген  болатын. Оған қоса осы мәлімдемесіне “наконец-то” сөзін қосып ел күдігін одан әрі өршіте түсті. 

2022 жылдың 5 қаңтары күні бұрынғы санитарлық дәрігер зейнеттік демалсқа шығып, содан бері жұрт көзіне көрінбей кеткен еді.