Кейбір ақпарат көздері полицейлер Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында танымал эстрада әншісі Әбдіжаппар Әлқожаны ұстап алған деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Куәгерлердің айтуынша, әнші Әбдіжаппар полицейлерге бағынбай дөрекілік танытқан көрінеді. Әзірге әншіні тәртіп сақшылары не себепті тұтқындағаны белгісіз. Ресми ақпарат та жоқ.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін жақында ғана шоумен Тұрсынбек Қабатов, әнші Қайрат Нұртас та қоғамдық тәртіп бұзып, жұртты шулатқан болатын.