×
$
445.65
508.71
5.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
445.65
508.71
5.3

Төрт адам қаза болған жол апаты: көлік тізгінінде бұрынғы полицей болды ма

Бүгін, 15:01
Төрт адам қаза болған жол апаты: көлік тізгінінде бұрынғы полицей болды ма
Ulysmedia коллажы

Жамбыл облысының Меркі ауданында төрт адамның өмірін қиған жол апаты бойынша тергеу жүріп жатыр. Полицияның алдын ала мәліметінше, TANK 500 және ВАЗ-2107 көліктері соқтығысқан. Әлеуметтік желілерде жол талғамайтын көлікті ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкері Сая Әуелбекова басқарған болуы мүмкін деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Жол апаты Меркі ауданының Қостоғам ауылына кіреберісте болған. Жамбыл облысы ПД мәліметінше, TANK 500 қарсы бағытқа шығып кетіп, ВАЗ-2107 көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан ВАЗ жүргізушісі – 25 жастағы Мұхаммад Махмұдов қаза тапты. Сондай-ақ жол талғамайтын көліктегі үш жолаушы көз жұмды.

Мұхаммадтың туыстарының айтуынша, жас жігіт сол кеште анасына қарсы бағытта келе жатқан. Жақындарының сөзінше, ол ата-анасының жалғыз ұлы болған және жақында қызға құда түскен.

Әлеуметтік желілерде TANK 500 көлігін 34 жастағы Сая Әуелбекова басқарғаны туралы ақпарат тарады. Ол спортшы әрі көпбалалы ана. Сондай-ақ оның бұған дейін ішкі істер органдарында қызмет еткені, ІІМ академиясын тәмамдап, тергеу бөлімдерінде, кейін ЖҚАЖ-да (жылдам қимылдайтын арнайы жасақ) жұмыс істегені туралы мәлімет тарады.

Алайда Жамбыл облысы полиция департаменті жол апаты болған кезде Әуелбекованың ішкі істер органдарының қызметкері болмағанын атап өтті.

Туыстары істің ашық тергелуін талап етті

Қаза болған Мұхаммадтың жақындары болжамды жүргізушінің бұған дейін күштік құрылымдарда қызмет еткені және қоғамға танымал адам болғанына алаңдайтынын айтты.

Туыстары осы жағдайлар тергеу барысына әсер етуі мүмкін деп қауіптеніп, істің барынша ашық әрі объективті тергелуін талап етті.

Сая Әуелбекова қазір ауруханада жатыр. Оның өкілдері әлеуметтік желілерде тараған Әуелбекованың жол апатына кінәлі екені туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

Полиция не дейді?

Жамбыл облысы полиция департаменті жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын және тергеу ведомство басшылығының бақылауында екенін хабарлады.

– Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, TANK 500 көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, ВАЗ-2107 көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан ВАЗ жүргізушісі және жол талғамайтын көліктің үш жолаушысы қаза тапты. Шетелдік көліктің жүргізушісі ауруханаға жатқызылды. Ол ішкі істер органдарының қызметкері емес, – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Іс бойынша сараптамалар тағайындалды. Олар жол апатының нақты мән-жайын анықтауға тиіс.