Төтенше жағдайлар қызметкерлері Түркістан облысы, Түлкібас ауданындағы бір қабатты жеке балабақша ғимаратынан шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ведомствоның хабарлауынша, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
ТЖМ күштерімен 270 шаршы метрді шарпыған өрт дер кезінде оқшауланған.
“Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталып жатыр. Отты өрт сөндірушілер толығымен сөндірді”, делінген министрліктің ресми хабарламасында.