×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Астана әуежайын су басып жатыр

07.07.2024, 19:13
Астана әуежайын су басып жатыр
Коллаж: Ulysmedia

Астана қаласындағы халықаралық әуежайдың төбесінен су кетіп жатыр деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға куәгерлерінің видеоматериалынан байқағанымыздай әуежайдың суағар жүйесінің жырығынан шыққан су стратегиялық нысан ішіндегі LED экран мен ғимараттың басқа шетіндегі жүк бөлмесінің де төбесінен құйылып жатыр. Видеода қорап толы жүктер малмандай су болғаны көрініп тұр.

Әзірге әуежай басшылығы тарапынан тараған ресми ақпарат жоқ. 

Бүгін Астана қаласында күн бұлтты, найзағай ойнап, оқтын-оқтын нөсер жауын жауып тұр.