×
477.03
521.44
5.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
477.03
521.44
5.43

Қазақстан мен Ресей шекарасында 200 жүк көлігі тұрып қалды

08.07.2024, 09:05
Фото: mk.ru

Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі Қазақстан мен Ресей шекарасында шамамен 200 жүк көлігі тұрып қалғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«6 шілдеден бастап «Сырым» автомобиль өткізу пунктінде (Батыс Қазақстан облысы) Ресей Федерациясы бағытында шамамен 200 жүк көлігі тұрып қалды», - делінген хабарламада.

Қазақстан тарапы жағдайды реттеу үшін көршілес елмен жұмыс жүргізіп жатыр.

«ЕАЭО елдерімен шекарада мемлекеттік кіріс органдары тек тасымалданатын жүктерді бақылауды (5-7 минут ішінде) жүзеге асырады, бұл шекараны кесіп өтуге қиындық тудырмайды және көліктердің жиналуына әкелмейді», - деп қосты МКК.​​

Серіктес жаңалықтары