Ақтөбеде ер адам жолаушылар мен балалардың көзіншк үш адамға пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Күдікті анықталып, ұсталды. Денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліе жатыр», - деп хабарлады Ақтөбе полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға орнында түсірілген видео Egov Press Telegram-арнасында жарияланды. Бейнеде футболка киген, киімі қанға боялған ер адам көрінеді. Оның айналасында онымен сөйлесіп тұрған бірнеше полицей бар. Болып жатқан оқиғаны адамдар тобының қарап тұрғаны байқалады.