×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Қостанай облысында 20 турист құтқарылды: көлік балшыққа батып қалған

08.07.2024, 16:20
Қостанай облысында 20 турист құтқарылды: көлік балшыққа батып қалған
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қостанай құтқарушылары жаңбырдан кейін жолда көліктері балшыққа батып қалған 20 адамды құтқарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға 2024 жылдың 8 шілдесі күні түнде Аққабақ ауылының маңында болды. Ересектерден бөлек, жеті балаға да көмек қажет болған.

«Жаңбырдан топырақ шайылып, соның салдарынан Аққабақ көлінде демалушылар өз көліктерімен үйлеріне өз бетінше жете алмай қалған»- деп түсіндірді ТЖМ баспасөз қызметі.

Эвакуацияланғандар Тобыл қаласына жеткізілді. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.​​​​​