Астанада 16 баланың улануына себеп болған тәтті тоқаш өндірген кәсіпорын жазаланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Балалар Қосшы қаласында рұқсат құжаттарсыз жұмыс істеген кәсіпорыннан алған тәтті тоқаштан уланған.
Тәтті тоқаштар сақтау шарттары бұзылып тасымалданған. Бұл Астанада 16 баланың улануына алып келген. Кәсіпорынға айыппұл салынды.