×
485.04
525.98
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.04
525.98
5.04

Қуат Хамитов Қазақстан футболшыларын сынап тастады

15.11.2021, 08:10
Қуат Хамитов Қазақстан футболшыларын сынап тастады
Фото: ашық дереккөзден

Белгілі аралас жекпе-жек спортының өкілі Қуат Хамитов өз парақшасында Франция құрамасынан 8:0 есебімен ойсырай ұтылған Қазақстан футболшыларын сынап, сыбап тастады деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Қазақстандағы футбол бұл жез...лер сияқты, еш пайдасы жоқ, бірақ бәрібір оған төлеп келеді. Жоғарыда отырған шалдарға жастардың ісімен айналысуды тоқтатып, пайдалы бірдеңемен шұғылданатын уақыт келді”, – деп наразылығын жеткізген ол жазбаның астындағы хештегпен қазақ халқына күштік спорт түрлері жақын екенін меңзеді.

Спортшы елімізде футболға жұмсалатын қыруар қаржыны сырқат жандар мен мұқтаждарға берген дұрыс деп санайды. Желіде Қазақстанда соңғы 3 жылда футболға 105 620 000 000 теңге жұмсалғаны жайлы мәлімет тарады.