×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Семейде офицер букмекерлерге қарызын өтеу үшін әскер мүлкін ломбардқа тапсырған

09.07.2024, 14:51
Семейде офицер букмекерлерге қарызын өтеу үшін әскер мүлкін ломбардқа тапсырған
Фото: pexels

Семей гарнизонының әскери соты әскери бөлім офицеріне қатысты қылмыстық істі қарады. Офицер өзіне сеніп тапсырылған әскери бөлім мүлкін ломбардқа тапсырып жіберген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сот капитанның штабтың топографиялық қызметінің бастығы бола тұра, қызмет бабын пайдаланып, букмекерлік сайтта ұтылғанына байланысты өсіп келе жатқан жеке қарызы жабу үшін әскери бөлімге тиесілі топографиялық аспаптарды ломбардқа салғанын анықтады. Нәтижесінде мемлекетке 2 миллион теңгеден астам сомаға залал келтірілген.

Сот әскери қызметшіні кінәлі деп тауып, оны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Ол капитан әскери атағынан айырылды. Сонымен қатар, сотталушыдан материалдық залал мен мемлекеттік баж өндіріп алынды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кету керек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау мәселелеріне өзгерістер енгізетін және артық заңнамалық реттеуді алып тастайтын заңға қол қойды.

Енді мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнаулы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары құмар ойындарға/бәс тігуге қатыса алмайды.

Шектеуді сақтамағаны үшін оларды жұмыстан шығару көзделген.