×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

16 жастағы вундеркинд: Месси шомылдырған Ламин Ямаль кім?

16 жастағы вундеркинд: Месси шомылдырған Ламин Ямаль кім?
Фото: Reuters

Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Ламин Ямаль — Еуро тарихындағы ең жас ойыншы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Барселона” тәрбиеленушісі Ламин Ямаль — 2023/24 кезең жаңалығы болды. 16 жастағы вингер “Барселона” мен Испания құрамасына кіріп, екі командада да көшбасшылардың біріне айналды. Еуро-2024 ойынында Франциямен болған жартылай финал матчында Ямаль гол соқты. Ulysmedia.kz спортшы туралы қызық деректерді ұсынады. 

«Бавария» 14 жастағы Ямальмен келісімшарт жасамақ болған

Ямаль 2013 жылы 15 жас, 9 ай және 16 күнінде “Барсада” дебют жасады. Сирек феномен болмай қалуы да мүмкін еді, себебі оны 2022 жылы “Бавария” команда құрамына алғысы келген. Мюнхенде 14 жастағы бала “Альянц Аренаның” маңызды ойыншысына айналады деп сенді. Клуб өкілдері оның агентімен кездескен. Бірақ Ямаль жеті жастан бері жүрген “Барселонадан” көшуден бас тартқан. 

Каталондықтар былтыр да Ламиннан айырылып қала жаздады. 13 шілдеде, 16 жасқа тола сала оо ересек келісімшарт жасау құқығына ие болды. Қазір “Барселона” алаңдамаса да болады, себебі қазанда жасалған келісімшарт бағасы миллиард евроны құрайды.

Марокко құрамасына кіруі мүмкін еді

Ламин аралас отбасынан шыққан: анасы Экваторлық Гвинеядан, әкесі Мароккодан. Гвинеялықтар талантты спортшыны құрамасына тартуға тырыспағанымен, Марокко оған әрекеттер жасаған. 

“Бәрі оны сұрап, Испаниядан “ұрлап алмайсыңдар ма” деп айтады. Оның техникасы мықты, голды сезеді. Өмірімде көрген ең мықты шабуылдаушы”, — деді марокколық скаут Раби Такасса. 

2023 тамызда Марокко өкілдері Ламинмен және оның ата-анасымен кездескен. Сол кезде Еуро-2024 науқанының Ямаль Луис де ла Фуэнтенің тізіміне енген. Ал 8 қыркүйекте ол Грузиямен болған матчта дебют жасап, алғашқы голын салды. 

Еуро кезінде үй тапсырмасын орындайды 

Еурода Ламин үш ассистпен ғана көзге түскен жоқ. Матчтар мен жаттығулар арасында ол мектепті әлі бітірмегендіктен үй тапсырмасын орындап, емтихан тапсырып жүреді.  Ямаль сабаққа бармай, онлайн және жекеменшік мұғалімдерден оқиды.

Туған қаласына құрмет

Ямаль Каталонияның 50 мыңдай адам тұратын Эсплугес-де-Льобрегат қаласында дүниеге келген. Отбасы Матаро қаласына көшіп кеткенімен, Ламин туған қаласына үнемі құрмет көрсетіп жүреді. Оның аяқ киімінде 304 саны жазылған және Гвинея мен Марокконың туы бар. Әр гол салған сайын ол осы санды көрсетеді. 304 — Рокафондтың пошта индексі. 

Месси шомылдырған...

2007 жылы желтоқсанда “Барселона” ойыншылары қайырымдылық фотосессиясына қатысқан. Акцияны сол кездері “Барселонаның” демеушісі болған Diario Sport пен ЮНИСЕФ ұйымдастырған. Каталониялық ойыншылар ЮНИСЕФ қорғауындағы әлеуметтік және этникалық топ балаларымен суретке түскен. 

Кейіпкерлерді Каталонияның жағдайы жоқ аудандарынан іздеген. Рокафонд тура сондай қаланың бірі. AS ақпараты бойынша, Ямалдың ата-анасы “лотереядан” жеңіп шыққан. Осылайша, алты айлық Ламин фотосессияға тап болып, Лионель Мессимен суретке түскен. 

«Фотоны Камп Ноуда жасадық. Көбі команданың шешінетін бөлмесінде, кейбірі стадионның басқа жерлеріне түсірілді. Месси мен баланың суретке түскені есімде. Оның Ламин Ямаль екенін маған хабарласып айтқанда ғана білдім», — дейді Монфарт.