×
$
447.88
516.58
5.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
447.88
516.58
5.29

"Әйелімді жұмысқа шығарған жоқпын": Құрылтай депутаттары 1 млн теңгеге дейін жалақы алады

Бүгін, 12:38
"Әйелімді жұмысқа шығарған жоқпын": Құрылтай депутаттары 1 млн теңгеге дейін жалақы алады
Ulysmedia

Құрылтай депутаты Айдос Сарым Парламент реформасынан кейін жалақысы өзгерген-өзгермегенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Айдос Сарым бұған дейін VIII шақырылым Мәжілісінің депутаты болған. Парламент реформасынан кейін ол Құрылтайдың алғашқы шақырылымының депутаттары құрамына енді.

Журналистермен әңгімелесу барысында депутат жалақысы өзгермегенін айтты. Оның сөзінше, ол ай сайын 1 миллион теңгеге жуық жалақы алады. Ал Құрылтай депутаттарының жалақысы шамамен 600 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін өзгереді.

– Бұл еңбек өтіліне, жұмыс тәжірибесіне, ғылыми дәрежесіне байланысты. Барлығы ескеріледі. Мысалы, егер генерал немесе елші болсаң, оған басқа үстемақы қосылады. Мемлекеттік қызметтегідей, – деді депутат Ulysmedia тілшісіне.

Сарым қазіргі табысы өзіне жеткілікті екенін айтты.

– Осында отырып жұмыс істеп жүргеніме қарағанда, жетеді. Бақытжан сияқты әйелімді әзірше жұмысқа шығарған жоқпын, – деп әзілдеді ол экс-депутат Бақытжан Базарбекті меңзеп.

Контекст

Бұған дейін Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Еспаева брифинг кезінде Құрылтай депутаттарының ай сайынғы жалақысы 600 мың теңгеден басталып, 1 млн теңгеге дейін жететінін айтқан еді.