×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қай банктерде пайызы жоғары депозиттер бар?

10.07.2024, 15:18
Қай банктерде пайызы жоғары депозиттер бар?
Фото: ашық дереккөзден

Осы жыл ішінде Ұлттық банк бірнеше кезеңде базалық мөлшерлемені 15,25%-дан 14,5%-ға дейін төмендетті. Бұл депозиттер пайызының да төмендеп жатқанын білдіреді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ranking.kz банктерге шолу жасап, ең тиімді мөлшерлемелері бар депозиттерді қарастырып шыққан. 

“Жинақ депозиттері екі түрлі болады: толықтыру мүмкіндігі бар және жоқ. Депозит ашқысы келетіндер үшін максималды мүмкіндіктерді қамту үшін осы екі нұсқаны, жарты жыл (6 ай) және бір жыл (12 ай) болатын ең танымал мерзімдерді қарастырамыз”, – деп жазылған хабарламада.

Ең жоғары мөлшерлемелері бар жинақ депозиттері 6 банкте бар.

Бұл секторда ең жоғары пайызды SAFE өнімі бойынша Bank RBK ұсынады. Онда 6 айға депозит ашқанда 18% және 12 айға 16,5% қарастырылған. Депозит ашудың минималды сомасы — 15 мың теңге.

Келесі орында Freedom Bank-тің "Капитал" депозиті тұр: 6 айға — 17,5% және 12 айға — 15,7%. Алайда бұл банкте мұндай депозит ашу үшін кемінде 500 мың теңге салу керек, яғни, оны барлығына қолжетімді деп айта алмаймыз.

Үздік үштікке Еуразиялық Банктің  "TURBO Deposit Жинақтаушы" депозитінің толықтыру мүмкіндігі жоқ нұсқасы кіреді. Онда 6 айға 17,5% белгіленген. Бірақ мұндай мөлшерлемелер мен шарттар тек 10 млн теңгеден жаңадан ашылатын депозиттер үшін ғана қарастырылған. Басқа жағдайларда бұл өнім бойынша мөлшерлемелер төменірек — жарты жылға ашылған депозитте 17% (және бір жылға — 15,7%).

Толықтыру мүмкіндігі бар жинақ депозиттеріне келетін болсақ, мұнда мөлшерлемелер сәл төмен болғанымен, нарықтағы басқа өнімдерге қарағанда жоғары. 

Ең жоғары пайыздық мөлшерлеме Bank RBK-нің GRAND өнімі болып отыр: жарты жылға – 17% (ал бір жылға бұл депозит бойынша мөлшерлеме 13,5% құрайды). Мұндай депозитті ашудың минималды сомасы – 15 мың теңге.

Келесі орында Freedom Bank-тің  "Стратегия" өнімі тұр: 6 айға — 16,5% (бір жылға — 13,4%). Мұндай депрзитті ашу 15 мың теңгеден басталады.

Бұл топта үздік үштікті Еуразиялық Банктің "TURBO Deposit Жинақтаушы" өнімі түйіндеп тұр. Алайда оны ашу үшін 10 млн теңге қажет. Бұл сегментте 6 ай мерзімге пайыздық мөлшерлеме 16,5% құрайды.

P.S Ел арасында кең таралған Kaspi мен Halyk банктерде депозиттің жылдық мөлшерлемесі 14% құрайды.