×
487.01
557.87
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.01
557.87
6.59

Астанада тыйымға қарамастан, балалар субұрқаққа шомылып жүр

Бүгін, 18:08
Астанада тыйымға қарамастан, балалар субұрқаққа шомылып жүр
Фото: fbrk.kz

Әлеуметтік желілерде Астанадағы ботаникалық бақта балалардың сұбұрқаққа шомылғаны көрсетілген фотосуреттер тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Сыбайлас жемқорлықты тергеу қоры-бюросының хабарлауынша, сұбұрқақ маңында «суға түсуге тыйым салынады» деген ескерту тақтайшалары қазақ және орыс тілдерінде орнатылған. Онда суға түсуге қатаң тыйым салынатыны және электр тогымен зақымдану қаупі бар екені көрсетілген. Сондай-ақ, кернеу 380 В екені жазылған. Бұдан бөлек, су арнайы химиялық реагенттермен өңделетіні де ескертілген.Соған қарамастан ата-аналар балаларын сұбұрқаққа шомылдырып,  тіпті оларды видеоға түсірген.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, сұбұрқақтар тек қаланы көріктендіру және ауаны ылғалдандыру үшін арналған инженерлік-көркемдік нысандар. Олар арнайы сүзгілеу және тазарту жүйелерімен жабдықталмағандықтан, су тез ластанады, жапырақ, қоқыс, шаң және жәндіктер жиналады.

Сонымен қатар, мұнда шомылу қауіп төндіреді. Фонтан ішіндегі тегіс емес беттер, техникалық құрылғылар, құбырлар мен сорғылар құлау немесе жарақат алу қаупін арттырады. Ал электр жабдықтарының болуы ток соғу сияқты өте қауіпті жағдайларға себеп болуы мүмкін.

Мамандар ата-аналарға балаларын қадағалап, олардың қауіпсіз жерлерде болуын қатаң бақылауға алуды ескертті.