×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Питер Фостер отбасымен Лондонға көшіп барады

12.07.2024, 09:10
Питер Фостер отбасымен Лондонға көшіп барады
Фото: әлеуметтік желіден

Air Astana әуе компаниясының президенті Питер Фостер отбасымен Лондонға көшіп барады. Бұл туралы оның әйелі Татьяна Фостер әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kzhttp://Ulysmedia.kz.

“Ұлдарымның әкесінің отанына көштік. Бұл жолы жай еңбек демалысы немесе саяхат емес, өміріміздің жаңа кезеңін бастадық. Балаларымызды Англияда оқытамыз, әкесінің дәстүрі мен мәдениетін бойына сіңіреміз деп шештік. Әкесі әзірге тағы бірнеше жыл Қазақстанда болады. Күйеуімнің тарихи отанына көшу жоспары болған еді, сол сәт енді келген сияқты”, – деп жазды Татьяна Фостер. 

Оның сөзінше, олар Брайтон қаласын таңдап, балаларды сол жерде ашылғанына 175 жыл болған Lancing College мектебіне берген. 

“Жақында ата-әжесі тұратын, достары бар, футбол клубы бар, мектебі мен өмірі өткен Қазақстаннан не үшін көшіп жатқанымызды түсіндірдім. Дэниге Отанымен қоштасу қиынға соқты. Менің түсіндіруіме ол “Кету туралы ойларыңды түсінемін, бірақ менің жаным қазақ қой, мені де түсін” деді”, – деп жазады Фостер.