Журналистердің сауалдарына орай Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде құқық қорғау органдарының азамат Д.Батырбаевты ұстағандығы туралы ақпарат жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы ШҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Аталған азамат 3 ай бұрын Риддер қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кеткенін еске саламыз. Яғни, 2024 жылдың сәуір айынан бастап Д.Батырбаев жергілікті атқарушы органда жұмыс істемейді, мемлекеттік қызметкер емес”, делінген әкімдіктің ресми ақпаратында.
Сондай-ақ Риддер қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты қандайда бір қылмыстық істер тіркелмегенін қосымша хабарлайтындарын атап өткен.