Әлеуметтік желіде Алматыда терезелерінің күл-талқаны шыққан бірнеше автобустың суреті жарияланды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Бұл нағыз жабайылық қой”, – деп ашуланған жазба иесі “Саялы-2” шағын ауданында тас бір автобустың терезесін сындырса, екіншісінің сыртына тигенін айтады.
“Екі аптада 4 автобус”, – деп шағымданған Вячеслав Павленко есімді желі қолданушысы полициядан көмек сұрады.