Астана қаласы, Байқоңыр ауданы аумағындағы шағын дәмханалардың бірінің ас дайындайтын бөлмесінен өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында 5 шаршы метр аумақтағы өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр», деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Төтенше жағдай министрлігі кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертті.