×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Қазақстанда халық саны қашан 33,7 млн-ға жетеді

14.07.2024, 08:43
sputnik.kz

БҰҰ жаңа болжамына сүйенсек, 2080 жылдардың ортасына таман Жер халқының саны шамамен 10,3 млрд адамға жетеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Ал қазақстандықтардың саны болжам бойынша 2050 жылға қарай шамамен 26,5 млн, 2100 жылға қарай – 33,7 млн болуы тиіс.

Ал ұйымның баяндамасына сенсек, бұл көрсеткіш 2100 жылға қарай 10,2 млрд-қа дейін төмендейтін көрінеді.

Бірінші кредит бюросы БҰҰ баяндамасына талдау жасай отырып, кей мемлекеттерде халық саны 2024 жылға қарай ең жоғары деңгейге жеткенін, алайда осыдан бастап ондағы адам саны біртіндеп азаятынын айтады. Ондай елдердің ішінде мысалы, көршілеріміз Ресей мен Қытай бар.

Бұл үрдіс туу көрсеткішінің төмендеуіне байланысты. Көші-қонсыз халықтың тұрақты санын ұстап тұру үшін бір әйелге шаққандағы туу көрсеткіші 2,1-ден төмен болмауы керек, ал әлем елдері мен аймақтарының шамамен 20 пайызында бұл меже қазір – бір әйелге 1,4-тен төмен.

Дегенмен Қазақстанда дәл осы коэффициент қазір 3-ке жақын, ал болашақта халық саны тек көбейе береді. 

БҰҰ болжамы бойынша қазақстандықтардың саны 2050 жылға қарай – шамамен 26,5 млн, 2100 жылға қарай – 33,7 млн болады. 

Қазір, 2024 жылы БҰҰ есептегендей, бізде өмір сүру ұзақтығы – 74,5 жыл, бұл жаһандық деңгейден жоғары (73,3 жас). 

Жалпы, бұл көрсеткіш бізде де, әлемде де өсіп жатыр: мысалы 30 жыл бұрын ол – 64,1 жас, жаһандық деңгейде – 64,3 жас болатын.

Жасы келіп қартайып өмірден өтетіндердің саны көбейді.  

1995 жылы дүние жүзіндегі өлім-жітімнің тек 17 пайызы 80 жастан асқан қарттарға тиесілі еді. 

2024 жылы бұл үлес 29% жетті, ал 2050 жылдардың аяғында 50%-дан асады.

Серіктес жаңалықтары