Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Жетісу облысында өзен ортасында істен шыққан қайықтағы адамдарды құтқарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Бүгін Ақши ауылында ТЖМ қызметкерлері Алакөл көлінің жағалауынан 12 шақырым қашықтықта 3 ер адамды құтқарып, жағалауға жеткізді. Олар қайық қозғалтқышының ақауына байланысты жағаға қайтып келе алмаған. Қайықтағыларға медициналық көмек қажет болмады», деп жазды ТЖМ баспасөз қызметі.