×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

467 млрд теңге: Ұлттық қор "Қазатомөнеркәсіп" акцияларын сатып алады

15.07.2024, 11:12
467 млрд теңге: Ұлттық қор "Қазатомөнеркәсіп" акцияларын сатып алады
Коллаж: Ulysmedia

Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджетті қаржыландыру мақсатында Ұлттық қорға жалпы сомасы 467,4 млрд теңгеге «Қазатомөнеркәсіп» АҚ акцияларын сатып алу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АКЦИЯ ҚҰНЫ 970 МЛН ДОЛЛАР

Үкіметтегілер Ұлттық қорға жалпы сомасы 467,4 млрд теңге болатын “Қазатомөнеркәсіп” АҚ акцияларын алу туралы шешім қабылдады. 

Осы шешімді іске асыру аясында ҰҚ қаражатын басқарушы ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (ҚҰБ) Ұлттық қордан шамамен 970 млн АҚШ доллары сомасына шетел валютасын теңгеге айырбастауды жүзеге асырады.

ОПЕРАЦИЯ 4 АЙҒА СОЗЫЛАДЫ

“Операцияның жоспардан тыс сипатын ескере отырып, көрсетілген көлемді қысқа уақыт аралығында сату валюта нарығының теңгерімділігіне елеулі әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтеріне ҰҚ активтерін тікелей сату арқылы Ұлттық Банк біржолғы конверсиялық операция жүргізуге ниетті”, - делінген хабарламада.

Сонымен бiрге нарықтық бейтараптылықты сақтау мақсатында және осы операцияны валюта нарығына шығару аясында Ұлттық Банк валюта нарығында осы көлемдi бiркелкi сатуды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Осылайша, осы жылдың шілдесінен бастап Ұлттық Банк 4 ай ішінде 970 млн АҚШ долларын сатуға кіріседі, айына 243 млн АҚШ доллары көлемінде айырбасталады.

“Бұл шара валюта нарығына біржолғы конверсиялық операцияның әсерін бейтараптандыруды қамтамасыз етуге арналған ерекше шара. Валюта нарығындағы сату көлемі Ұлттық Банктің статистикалық ақпаратының шығу кестесіне сәйкес жарияланады”, – деп жазылған хабаралмада.