×
$
441.88
€
503.61
₽
5.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
441.88
€
503.61
₽
5.24

Астанада екі жігіт Журналистер аллеясын бүлдіріп кеткен

Бүгін, 16:39
Астанада екі жігіт Журналистер аллеясын бүлдіріп кеткен
Видео кадры

Астанада екі адам Журналистер аллеясын бүлдіріп кеткен. Олар мүсін композициясына зақым келтіріп, жеті қоқыс жәшігін сындырған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға 26 қыркүйекте таңертең болған.

Полиция күдіктілердің кім екенін жедел анықтап, екеуін де ұстады. Олардың бірі - 18 жастағы Денис Суранов, екіншісі - кәмелетке толмаған жасөспірім.

Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Вандализм дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ал кәмелетке толмаған жасөспірімнің ата-анасы бала тәрбиесіне тиісті деңгейде көңіл бөлмегені үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

- Мұндай әрекеттерге қатаң тосқауыл қойылады. Бірде-бір дерек құқықтық бағасыз қалмайды, - деп ескертті полиция.

Мән-жайы

Бұған дейін осыған ұқсас жағдай Ақмола облысында болған еді.

Зеренді ауданында 38 жастағы ер адам Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткішті бүлдірген.

Ол ескерткіштегі тақталарды жұлып, монументке жазу қалдырған.

Полиция оның кім екенін анықтады. Ер адам кінәсін мойындады.