×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Марат Әйтенов бес тәулікке қамауға алынды

15.07.2024, 13:20
Марат Әйтенов бес тәулікке қамауға алынды
Коллаж: Ulysmedia

Астана қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Марат Әйтеновке қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Іс материалдарына сәйкес, Марат Әйтенов үйде отбасылық жанжал кезінде бұрынғы жұбайы Дана Әтешоваға дөрекі сөздер айтып, "оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлаған"

“Осылайша ол оған құрметсіздік танытып, басқа адамдардың тыныштығын бұзды", – делінген хабарламада.

Сот отырысы барысында Марат Әйтенов өз кінәсін мойындамады. Ол бұрынғы жұбайы оның өтінішіне қарамастан балаларды беруден бас тартып, оларды қолынан ұстап тұрғанын айтты. Марат Әйтенов балаларды тартып алу үшін еденде отырған оның аяғынан сүйреген. Шымкенттің экс-әкімінің ағасы әдепсіз сөздер айтпағанын және Әтешованы ұрмағанын мәлімдеді.

Жәбірленушінің айтуынша, Марат Әйтенов оған шабуылдап, денесін жарақаттаған.

Нәтижесінде Шымкенттің экс-әкімінің ағасына бес тәулік қамау жазасы тағайындалды.