Алматыдағы зауыттардың бірінде қоқыс пакетіне салынған жаңа туған нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
14 шілдеде Алматыдағы зауыттардың бірінде қоқысты сұрыптап жатқан жұмысшылар ішінде жаңа туған ұл баланың денесі бар пакет тапқан. Жұмысшылар бірден құқық қорғау органдарына хабарласқан.
Қала полициясы қылмыстық іс қозғады.
“Баланың анасының кім екені және жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Сараптама тағайындалды”, – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің өкілдері.