Қазақстандық дизайнер Аида Кауменова сұхбаттарының бірінде ер адамның бойында қандай қасиеттерін бағалайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жүргізуші дизайнерден “Ер адамдарға деген көңілің суып қалған жоқ па?” деп сұрайды.
“Біздің өмір супермаркет сияқты ғой. Нені алатыныңды, нені алмайтыныңды өзің шешесің. Маған Құдай ең бастысы үйіп-төгіп талант берді. Барлығы бірдей болатын сирек қой”, – деді ол.
Дизайнер жүргізушінің “Болашақта қандай жігітке тұрмысқа шығатын едің?” деген сұрағына былай деп жауап берді:
“Маған келгенде мені түсінетін, мені аяйтын, мәпелейтін, арқа сүйейтін. Мен үлкен балық, кит болып алдым. Қазір тұрмысқа шықсам, ол балықты аквариумға тығып жатса, мен оған сыймаймын ғой. Ондай адамға тұрмысқа шықпаймын. Еркіндік. Құндылықтарымыз ұқсас болуы керек”, – деді Қауменова.