«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің қызы Лондонда тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Алтынай Жәкішева Лондонда шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққан. Оның жұбайы – Карл Оби.
Жігіттің LinkedIn парақшасында көрсетілген мәліметке сәйкес, ол Манчестер университетін тәмамдап, инвестициялық салада жұмыс істейді. Ал Instagram парақшасы жабық.
Алтынай әлеуметтік желідегі парақшасында Лондонда өткен отбасылық рәсімнен фотосуреттер жариялаған. Кадрларда көп қонақ пен үлкен той дастарханы байқалмайды, сондықтан жұп некені тіркеу рәсімін жақындары арасында ғана өткізген болуы мүмкін.
Қалыңдық қарапайым көйлек таңдаған. Ол сондай-ақ бургунд түсті калла гүлдерінен құралған ерекше гүл шоғын ұстаған. Мамандар мұндай түсті калла гүлдері сенім мен өзара түсіністікті білдіретінін айтады.
«9 мамыр, сенбі күні Лондондағы ратушада отбасымыздың қатысуымен некеміз ресми түрде тіркелді. Жаңбыр жауады деп еді, бірақ күн ашық болды. Сол күні мен ресми түрде Mrs OJ атандым», – деп жазды ол Instagram-да.
Желі қолданушылары жас жұбайларға жылы лебіздерін білдіріп, олардың жарасымды жұп екенін жазған.
Контекст
Еске салайық, «Қазатомпром» компаниясының экс-басшысы Мұхтар Жәкішев 2009 жылы ірі уран кен орындарындағы мемлекеттің үлесін сатып жіберді деген күдікке ілінді. 2010 жылы ірі көлемде ақша жымқырды және пара алды деген айыппен 14 жылға сотталды. 2020 жылы 19 наурызда 11 жылдан кейін қатаң режимдегі колониядан босап шықты.