×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы айтарлықтай төмендеді

16.07.2024, 12:43
Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы айтарлықтай төмендеді
ulysmedia.kz

2024 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша ұйым елдерімен сауда көлемі $13,3 млрд құрап, жылдан жылға 12% төмендеді. ҚР СЖРА ҰСБ деректеріне сүйенсек, экспорт 16%, импорт 8% қысқарған.

“Төмендеудің негізгі себепшісі – Ресей, былтыр да, биыл да ТМД елдерімен тауар айналымының 70%-дан астамы осы елге тиесілі болды. Мұнда да экспорт (-22%, әсіресе, бағалы металдар кені және жеңіл автокөліктер есебінен) пен импорт (-7%, көбіне мұнай өнімдері есебінен) төмендеген”, деп жазады naryk.kz.

Алайда бұл тек Ресейге қатысты емес: тауар айналымы Түрікменстан мен Молдованы қоспағанда, ТМД-ның барлық серіктестерімен дерлік төмендеген. Түрікменстанның жағдайында импорт, мұнай газдарын сатып алу есебінен, бірден 2,4 есе өсті. Ал Молдова жағдайында тағы сол 2,4 есе экспорт өскен: темір жол жолдарына арналған металл бұйымдарының сатылымы септігін тигізді.

Дегенмен, бізде Түркіменстанмен де, Молдовамен де сауда аса үлкен көлемде емес.