×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

«Спутник V» салдырған туристер Израильге кіре алады

15.11.2021, 23:24
Фото: ашық дереккөз

Израиль билігі вакцина алған шетелдіктер үшін шекарасын ашуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

atorus.ru-дың мәліметінше, бұл 15 қарашаға жоспарланған еді, алайда техникалық қиындықтарға байланысты шекара енді 1 желтоқсанда ашылады. «Техникалық және құқықтық сипаттағы қиындықтармен» байланысты шекараның ашылу мерзімі өзгерген.

Мұнда өзге препараттармен қатар ресейлік «Sputnik V» екпесін алған демалушыларға да кіруге рұқсат етіледі.

Sputnik V вакцинасы егілгендер үшін Израильге кірудің негізгі шарттары: вакцинаның алған уақыты(вакцина ектіргеннен кейін 14 күннен кем емес және 180 күннен артық емес), кетуге дейін 72 сағат ішінде теріс ПТР сынағы, ұшаққа отырар алдында 24 сағат ішінде Израиль Денсаулық сақтау министрлігінің веб-сайтында денсаулық туралы декларацияны толтыру, сондай-ақ келгеннен кейін ақылы ПТР және серологиялық антиденелерді тексеру. Тест нәтижелерін алғанға дейін турист карантинде болуы керек.

Серіктес жаңалықтары