Британдық саяхатшы Карл Бушби Каспий теңізі арқылы Қазақстаннан Әзербайжанға дейін 300 шақырымды жүзіп өтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АЗЕРТАДЖ басылымының мәліметінше, саяхатшы тамыз айының ортасында жүзуді бастайды.
Саяхатшының мұндай шешім қабылдауына себеп болған мәселе – Батыспен саяси шиеленістерге байланысты Ресей немесе Иран арқылы өте алмауы.
Карл Бушбидың зерттеулерінше, дүние жүзіндегі ең үлкен тұйық су айдыны – Каспий теңізінен ешкім өткен емес.
Айта кетейік, саяхатшы Бушби 1998 жылы бүкіл әлем бойынша саяхатқа шыққан. Ол 58 мың шақырым жолының үштен екісінен астамын жүріп өткен.