×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

"270 млн жымқырды": Жасыл технологиялар орталығының бұрынғы басшысы сотталып жатыр

17.07.2024, 11:01
Коллаж: Ulysmedia

Астанада "Халықаралық жасыл технологиялар және инветициялық жобалар орталығының" бұрынғы басшысы Олжас Ағабековтың соты өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қандай айып тағылды?

Оның ісіне қатысты тергеуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген. Ол Біріккен Араб Әмірлігінде өтетін көрмеге бөлінген 270 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл қаражат Дубайда өтетін халықаралық көрмедегі қазақстандық павильонға бөлінген. 

Айып тағылған баптар

Сот Олжас Ағабековке мына баптар бойыша айып тағып отыр: 

  • ҚР ҚК 361-бабының 4-бөлімінің 3-тармағы – «Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану»;
  • ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлімінің 2-тармағы – «Алаяқтық»;
  • ҚР ҚК 366-бабының 3-бөлімінің 3-тармағы – «Пара алу».

Олжас Ағабеков кім?

Ол президенттік кадрлық резерв мүшесі. Көп жылдар бойы Энергетика, кейін Экология министрлігінде қызметте болған.

Сондай-ақ «Алматы электр станциялары» АҚ, «KEGOC» АҚ, Жамбыл облысы әкімінің аппаратында, Жамбыл облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасында жұмыс істеген. 

2016-2022 жылдары Энергетика министрлігінің климаттың өзгеруі жөніндегі департамент директорының орынбасары, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің климаттық саясат және жасыл технологиялар департаментінің директоры болды.

Серіктес жаңалықтары