×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ол кім? Шымкентте кәсіпкерден 6 млрд теңге өндірілді

17.07.2024, 14:24
Ол кім? Шымкентте кәсіпкерден 6 млрд теңге өндірілді
Фото: ашық дереккөзден

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Шымкент прокуратурасы мемлекетке 5,9 млрд теңгенің мүлкі мен акцияларын қайтарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шымкент қаласының прокуратурасы биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында экономикалық ресурстарды монополиясыздандыру саласында жалпы құны 5,9 млрд теңгені құрайтын мүлік және акциялар мемлекетке қайтарды. 

“Сот азамат Б. Ибрагимнің қылмыстық жолмен алған жер учаскесі мен құрылыстарды мемлекетке қайтару туралы қала прокуратурасының талап арызын қанағаттандырды”, – деп жазылған хабарламада. 

Бағалау қорытындысына сәйкес құны 357,7 млн теңгені құрайтын жылжымайтын мүлік Шымкент қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне берілген.

Б.Ибрагим деген кім?

Орган кәсіпкердің атын және басқа мәліметтерді келтірмейді, ал сот істері банкінде бұл сәтке дейінгі тиісті шешім жоқ. Дегенмен, хабарламада Qazaq Вanki-дің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагим туралы айтылып отырған болуы мүмкін. Ол 2018 жылы Германияда ұсталып, сол жерден Қазақстанға экстрадицияланған.

2020 жылдың қарашасында Ибрагим, Жомарт Ертаев және банктер мен коммерциялық құрылымдардың бұрынғы қызметкерлерінің үлкен тобы Bank RBK-дан 144 млрд теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Ибрагим бастапқыда 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын алды, бірақ апелляциялық сатыда мерзім 7 жылға қысқартылды. 

Биыл наурыз айында Бақыт Ибрагимнің өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болғаны белгілі болды.  Айта кету керек, Б. Ибрагим экс премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың  күйеу баласы болған.