×
$
445.65
508.71
5.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
445.65
508.71
5.3

Нұрай Серікбайдың өлімі: Шерхан Аймаханның жазасы өзгеріссіз қалды

Бүгін, 16:27
Нұрай Серікбайдың өлімі: Шерхан Аймаханның жазасы өзгеріссіз қалды
Ulysmedia

Шымкент қаласының апелляциялық соты 21 жастағы Нұрай Серікбайды ұрлап әкетіп, өлтіргені үшін сотталған Шерхан Аймаханға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Бұған дейін бірінші сатыдағы сот оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Бұл туралы сот залынан Ulysmedia.kz тілшісі хабарлады.

Екі тарап та апелляциялық шағым түсірген

Апелляциялық шағымды сотталған тарап та, жәбірленушілер де берген.

Аймаханның қорғаушылары үкімді өзгертуді сұраған. Атап айтқанда, олар қызды ұрлау эпизоды бойынша тағылған айыптың саралануымен келіспей, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қайта қарауды талап еткен.

Ал жәбірленуші тарап өкілдері қорғау тарапының шағымын қанағаттандырмауды сұрады. Сонымен қатар олар 10 млрд теңге көлемінде өтемақы өндіріп беруді талап етті.

Апелляциялық шағымдарды қарау қорытындысы бойынша сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Нұрайды аңдып, ұрлап әкеткен, кейін өлтірген

Тамыз айында сот Шерхан Аймаханды адам ұрлау, өлтіремін деп қорқыту және аса қатыгездікпен адам өлтіру бойынша кінәлі деп таныған.

Қайғылы оқиғаға дейін ол Нұрайды ұзақ уақыт бойы аңдыған. Жігіт қызды ұрлап әкетіп, өзіне тұрмысқа шығуға мәжбүрлемек болған. Туыстары Нұрайды алып кеткенімен, содан кейін де ер адам оған қоңырау шалып, хабарлама жазуын жалғастырған. Бір күні ол қызға 76 рет қоңырау шалған.

11 қаңтарда Аймахан алдын ала дайындап алған аңшылық пышақпен Нұрайға шабуыл жасаған. Қыздың денесінен 35 пышақ жарақатын анықталды.

Сот процесінде ол адам өлтіргенін жоққа шығармағанымен, әрекетін аффект жағдайымен түсіндіруге тырысқан. Сондай-ақ Нұрай өзін бірінші болып пышақпен ұрғанын айтқан. Алайда сот бұл нұсқаны жоққа шығарды.

Тамыз айында Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сонымен қатар сот оны жәбірленуші тарапқа моральдық зиян үшін 25 млн теңге және материалдық шығын ретінде 5 млн теңге төлеуге міндеттеген.