Құқық қорғау органдары алаяқтар мессенджерлердегі аккаунттарды бұзып, жасанды түрде иелерінің дауыстарын сала алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарды жасанды дауыстар қолданылатын алаяқтық туралы ескертті.
"Алаяқтар мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарды бұзып, хат алмасуларда сақталған дауыс үлгілерін пайдаланып, аккаунт иесінің дауысын жасайды. Барлық чаттарға ақша жіберуді сұрап, қысқа дауыстық хабарлама таратады. Бұл схеманың қауіптілігі - алаяқтар құрбанның бірнеше сәйкестендіру факторларын пайдаланады — аккаунт, дауыс және банк картасы. Бұл жіберушіге деген сенімді арттырады", - деп хабарлады ІІМ.
Биыл Жамбыл облысында осындай 13 факт анықталды. Құқық қорғау органдары қазақстандықтарға дауыстық хабарламаларды тыңдағаннан кейін бірден жоюға, барлық хат алмасуды автоматты түрде жоюды орнатуға, дауысы бар бейнелерді желіге салмауға, жақындарымен осындай жағдайларға арналған құпиясөз ойлап табуға кеңес берді.