×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Бір баласы қайтыс болды. Ұлытауда екі балалы әйелді көлік қағып кетті

17.07.2024, 21:58
Бір баласы қайтыс болды. Ұлытауда екі балалы әйелді көлік қағып кетті
ашық дереккөзден

Ұлытау облысында Жезқазған мен Сәтбаев қалалары арасындағы тас жолда жолды кесіп өткен екі балалы әйелді көлік қағып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СӘБИІ ҚҰШАҒЫНДА ЕДІ...

Жаяу жүргіншілерді "Шығыс кооперативі саяжайы" аялдамасы маңындағы "зебрада" соққан. Автожолдың бұл бөлігі екі қаланы байланыстырады және көлік ағыны бір сәт те толастамайды. Әйел 3 жасар ұлын жетелеп, нәрестесін құшақтап, жолды кесіп өтпек болған. Оларды 36 жастағы жүргізуші қағып кетті.

Оқиға салдарынан 3 жасар бала алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Оның анасы мен қарындасы ауыр жараланып, ауруханаға жатқызылды.

ЖҮРГІЗУШІ ҚАМАУДА

Балалы әйелді қағып кеткен көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, – деп хабарлады Ұлытау облысы ПД баспасөз қызметі.

Ведомство жүргізушілерді жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырды.