×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қазақстандықтар құқық қорғау органдарына сене ме?

18.07.2024, 09:13
Қазақстандықтар құқық қорғау органдарына сене ме?
Фото: inbusiness.kz

Ұлттық статистика бюросы халықтың құқық қорғау органдары мен сот жүйесіне сенімін зерттеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сауалнама деректеріне сәйкес, халықтың 64% тұрып жатқан жерінде өзін толық қауіпсіз сезінсе, 29,4% айтарлықтай қауіпсіз, 5,4% қауіпсіз емес, 0,6% мүлдем қауіпсіз емес деп жауап берген.

ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР  

Сауалнамада ерлер мен әйелдердің жауабы әртүрлі: ерлердің 70% өзін толық қауіпсіз сезінсе, әйелдердің тек 58,5% толық қауіпсіздікте деп ойлайтынын айтқан. 

АЙМАҚТАР КӨРСЕТКІШІ

Өзін ең қауіпсіз сезінетіндер Жамбыл облысының тұрғыдары болып шықты. Онда сауалнамаға қатысқандардың 76,5% толық қауіпсіздікте сезінеді. Ең аз көрсеткіш Шығыс Қазақстан облысында (45,7%).

АУЫЛ ЖӘНЕ ҚАЛА КӨРСЕТКІШІ

Ауыл және қала халқы көрсеткіштерін салыстыру ауылдықтардың 65,5%, қалалықтардың 63,1% өзін толық қауіпсіздікте сезінетінін көрсетті.

ҚАУІПСІЗ СЕЗІНДЕУ СЕБЕПТЕРІ

Респонденттер өзін қауіпсіз сезінбеуінің негізгі себептері мыналар: 

  • Жарықтандыру деңгейі – 21,4%
  • Шабуылға ұшырау қаупі  – 16%
  • Жалғыз жүруден қорқу  – 16,7%

Әйелдердің 17,5% шабуылға ұшырағаннан қорыққандықтан өзін қауіпсіз сезінбейді.