×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Қазақстанда БАҚ жұмысына қатысты ережелер күшейтілмек

Коллаж: Ulysmedia

Журналистер жаңалықтарды өзінің әлеуметтік желілердегі парақшасына жариялаған жағдайда аккредитациядан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Ашық НҚА" порталында Мәдениет және ақпарат министрлігінің журналистерді аккредиттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы бұйрық жобасы жарияланды.

ҚҰЖАТ ТУРАЛЫ

Құжатқа сәйкес, журналистер ресми іс-шараларда алған ақпаратты тек аккредиттелген басылымдарда ғана емес, басқа жерлерде де жариялаған жағдайда аккредитациядан айырылуы мүмкін. Мысал ретінде әлеуметтік желілерді келтіруге болады.

Сонымен қатар, іс-шараларды ұйымдастырушылар өздерінің аккредитация ережелерін белгілей алады.

Бұдан басқа, аккредиттелген журналистерді мемлекеттік органдардан алған ақпаратты тек өздері аккредиттелген басылымда ғана жариялауға міндеттеу жоспарланып отыр.

Қазақстандағы жағдай бойынша, көптеген журналист бірнеше басылымда жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары