Ғылым және жоғары білім министрлігі Үкіметтің "зейнеткерлік жасқа толған ҚР Ғылым Академиясына ай сайынғы стипендияның мөлшерін белгілеу және төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысын дайындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойғы ай сайынғы стипендияның мөлшері 60 АЕК (221 520 теңге) мөлшерінде белгілесін және оны төлеу қағидалары бекітілсін,- делінген құжатта.
Өмір бойғы ай сайынғы стипендия Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толған ҰҒА академигіне Қазақстан Республикасының азаматына беріледі.