×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Улады ма? Бапи диагнозын анықтауға Еуропаға аттанады

20.07.2024, 11:26
Улады ма? Бапи диагнозын анықтауға Еуропаға аттанады

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи дертіне нақты диагноз қою мақсатында шетелдік емханалардың біріне қаралу үшін Еуропаға аттанбақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы бүгін Мәжіліс депутаты Болатбек Нажметдинұлы өзінің Facebook-тегі парақшасында бөлісті. 

Әлеуметтік желідегі өзі түсірген бейнематериалда Б.Нажметдинұлы емханадан шығып келе жатып, әріптесі Ермұрат Бапиді кездестіріп қалған. Әріптесін көргеніне қуанып қалғанын жеткізген депутат Б.Нажметдинұлы оған шетелге аман-есен барып-келуіне тілек білдірді.

Ал Е.Бапи осы жақында пайда болған дертіне байланысты диагностикалаудан өтуге ертең Еуропаға жол жүріп бара жатқанын, елге осы айдың соңында оралатынын жеткізді.

“Бүгін емханадан шыға салып, көкемді көріп, аман-есен жүргеніне қуанып қалдым, Құдайға шүкір. Қасымызда күліп-ойнап жүре беріңіз. 1 қыркүйекте жұмыста болыңыз, еш жаққа кетіп қалмаңыз”, деген Б.Нажметдинұлының әзіл аралас тілегінен қос депутат жылы шыраймен тарқасты.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапидің бес айдан бері белгісіз дертке шалдыққанын жазғанбыз. Депутаттың сөзінше, ол наурыз айының ортасынан бастап ісініп, он бес күн ауруханаға жатып шыққан. Қолы ісіп кеткен Ермұрат Бапи өзін улады деп күдіктенетінін де жасырмады.