×
$
444.88
513.26
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
444.88
513.26
5.28

Данияр Елеусінов АҚШ-та ем қабылдап жатыр

Бүгін, 17:03
Данияр Елеусінов АҚШ-та ем қабылдап жатыр
News Group Newspapers Ltd

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов ем қабылдауды бастағанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Спортшы қазір АҚШ-та ем алып жатыр. Ол ауруханадағы палатасынан жанкүйерлеріне бейнеүндеу жолдады. 35 жастағы боксшының отбасымен бірге АҚШ-қа барып, орта ауыстыруы оған емделуге және оңалтуға барынша көңіл бөлуге, көпшіліктің назарынан уақытша алшақ болуға әрі рингке қайта оралуға дайындалуға мүмкіндік берген.

Елеусінов әлеуметтік желіде бұған дейін эмоцияға беріліп жазған жазбалары үшін өзін қатты сынамауды сұрады.

Дәйексөз

– Қазір ем қабылдауды бастадым. Тек тамырға дәрі құю емес, толыққанды, кешенді ем. Меніңше, бәрі жақсы болады. Сондықтан бұрынғы кейбір дүниелерге, бәлкім, біреуді ренжітіп қойғаныма, ауыр сөздер айтқаныма мән бермеңіздер. Кімде ондай болмайды? Менің жаман әдетім – тікелей эфирге шығу, бірақ енді олай болмайды деп ойлаймын. Өйткені бұл дерттен арылуға шындап кірістім. Жақында қатарға қосыламын. Бұрынғы көңілді, бақытты Данияр оралады, – деді Елеусінов.

Бұған дейін 

Елеусінов Астанада мас күйінде жол апатына ұшырағаннан кейін ішімдікке тәуелдігілі туралы алғаш рет ашық айтты. Спортшы Олимпиададан кейін алкогольге тәуелді бола бастағанын мойындап, жұрттан оның мәселесін күлкі етпеуді сұраған еді.

Контекст

Шілде айында спортшы Астанада ұсталды. Toyota көлігін тізгіндеген Елеусінов бір сапар кезінде бірден бірнеше жол апатына түскен. Сот оны 20 тәулікке қамауға алып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырды.

Данияр Елеусінов 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында чемпион атанды. Ол әлем чемпионы, Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы және Азия чемпионы атанған.

Кәсіпқой бокста IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын және IBF Inter-Continental белбеуін иеленген.